Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара өткелектері туралы келісім бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара өткелектері туралы келісім бекітілді

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара өткелектері туралы келісім бекітілді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанмен арадағы мемлекеттік шекара өткелектері туралы келісімді бекіту туралы заңға қол қойды. Бұл туралы ҚР президентінің сайтында айтылған.

  • 4 Наурыз 2005
  • 440
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің күшіне енуі Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара арқылы жеке адамдар, тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібін жетілдіруге, өткелектердің тізімі мен олардың мәртебесін айқындауға, шекарадағы бақылаушы мекемелердің жұмыс режимін айқындауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге келісім жолаушы және жүк тасымалы саласындағы кедендік бақылауды жетілдіруге, кедендік баж төлемдері, салықтар мен басқа да төлемдерді дұрыс алуға мүмкіндіктер жасауға түрткі болмақ.
Келісімді жүзеге асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы жұмсауды талап етпейді.
Келісімге 2003-жылдың 25-желтоқсанында Астанада қол қойылған.

Перейти к новостям спорта