Қазақстан мен Қырғызстан бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қырғызстан бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойды

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің екеуара және кеңейтілген құрамдағы кездесулерінің қорытындысы бойынша бүгін бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Шiлде 2006
  • 551
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, екі мемлекет басшысы бірлескен декларация қабылдады.

Сонымен бірге Қазақстанның Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл облысы аумағында орналасқан шипажай –рекреациялық шаруашылық нысандарын меншіктену құқығын реттеу туралы үкіметаралық келісімге; Қырғызстанның ірі инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ниет хаттамасына қол қойылды.

Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге; Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасын бірлесіп қадағалау туралы келісімге қол қойылды. Сонымен бірге тараптар шекара әскерлеріне арнап мамандардың біліктілігін көтеру және оларды дайындау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім мен білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан-Қырызстан үкіметаралық келісіміне қол қойды.

Бұған қоса мигрант еңбеккерлердің еңбек етуі мен оларды әлеуметтік қорғау туралы үкіметаралық келісімге; Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге; жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігі мен Қырғызстанның қаржы полициясы қызметі арасындағы ықпалдастық туралы хаттамаға қол қойылды.

2005-жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айнылымы 344,1 млн. долларды құрады. Қазақстанның Қырғызстан экономикасына жұмсаған инвестициясы 2005-жылдың желтоқсан айындағы жағдаймен 163,2 млн. долларға жетті. Қырғызстанда Қазақстан капиталының қатысуымен құрылған 400-ден астам бірлескен кәсіпорын бар.

Перейти к новостям спорта