Қазақстан мен Қырғызстан тараптар ортақ мәселелерді талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қырғызстан тараптар ортақ мәселелерді талқылады

Қазақстан мен Қырғызстан тараптар ортақ мәселелерді талқылады

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Қырғыз Республикасына қарасты Шу және Талас облыстарының басшыларымен кездесті, - деп хабарлады http://24.kz/.

  • 21 Тамыз 2015
  • 462
Фото - Caravan.kz

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың талаптары, тауар айналымы, жүк тасымалы, көші-қон сияқты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар туристер мен кәсіпкерлерге тиімді болатын кедендік кедергілердің жойылуына қатысты шекарада болған өзгерістер де назардан тыс қалған жоқ. Еске сала кетейік, биыл тамыздың 12-сінде Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелікке қабылданып, қазақ-қырғыз президенттері сегіз кеден бекетін ресми түрде алып тастаған болатын. Қазір Одаққа мүше мемлекеттердің арасын тек шекарашылар ғана күзетіп тұр.

Кәрім Көкірекбаев, облыс әкімі: 


— Атқарылып жатқан жұмыстарда қазір қиыншылық бар ма, бізден қандай көмек керек, соның бәрін тек шекарашылар мен басқа қызметке ғана беріп қоймай, әкімшілік те шара қолдануы керек. Сол бойынша үлкен жиын өтті. Ең бастысы, 3 облыста да жұмыс тобын құрдық. Оларға тапсырма бердік, бір ай ішінде қай жерде қандай қиыншылық бар, соны қарап шығулары тиіс. Бақтыбек Құдайбергенов, Қырғыз Республикасы үкіметінің Шу облысындағы өкілетті өкілі: — Мәселелер бар екен, оларды іс жүзінде шешуге келістік. Одан басқа біздің ортамызда ешқандай проблема жоқ. 

Соңғы жаңалықтар