Қазақстан мен Қырғызстанның арнаулы қызметтерінің бірлескен операциясы барысында ұсталған есірткі тасымалдаушыдан 6 килограммға жуық героин тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қырғызстанның арнаулы қызметтерінің бірлескен операциясы барысында ұсталған есірткі тасымалдаушыдан 6 килограммға жуық героин тәркіленді

Қазақстан мен Қырғызстанның арнаулы қызметтерінің бірлескен операциясы барысында ұсталған есірткі тасымалдаушыдан 6 килограммға жуық героин тәркіленді

Бішкек. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстанның арнаулы қызметтерінің бірлескен операциясы барысында ұсталған есірткі тасымалдаушы - 47 жастағы Бішкек тұрғынынан 6 килограммға жуық героин тәркіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының есірткіні бақылау агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Қыркүйек 2008
  • 380
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі тасымалдаушы Мерке темір жол бекетінде ұсталды. «Екі елдің есірткіге қарсы күресуші мекемелерінің аңдуында болған есірткі тасушы айғақзатымен қоса ұсталды».

Сараптама нәтижесі тәркіленген полиэтилен орамаларда 5 килограмм 545 грамм героин екенін көрсетті.

Қазақстандағы қара базар бағасымен бұл партия $100 мың тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар