Жарияланды: 590

Қазақстан мен Қырғызстанның туроператорлары Алматы-Тамшы тұрақты авиарейсін ашты

Қазақстандық туроператор "Компас" қырғыз туристік "Муза" агенттігімен бірлесіп Алматы-Тамшы авиақатынасы бойынша тұрақты авиарейс ашты.

"Бұл азаматтарға ыңғайлы болу үшін істелген шаруа, өйткені Ыстықкөлдің жолына көп уақыт кететін", деді Алматыда дүйсенбіде баспасөз мәслихатында "Компастың" атқарушы директоры Инна Дорош. Оның айтуынша, бұл рейс бойынша жаздың соңына дейін ұшақтар аптасына екі рет ұшпақ. Алғашқы рейс 30-маусымда болды. Қазақстандық Scat авиакомпаниясының АН-24 ұшақтары жалға алынған, ұшақ бір сағатта жетеді. Екі жаққа ұшу құны 33 мың теңге, деді И.Дорош. Рейс ашу идеясына жергілікті даму жөніндегі USAID бағдарламасы қолдау көрсеткен және ол Ыстықкөлге қазақстандық туристерді тартуға бағытталған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін