Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі ағымдағы жылы 15 млрд долларға жетеді - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі ағымдағы жылы 15 млрд долларға жетеді - Назарбаев

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі ағымдағы жылы 15 млрд долларға жетеді - Назарбаев

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда -саттық көлемі ағымдағы жылы 15 млрд долларға жетеді. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің премьері Вэнь Цзябаомен жүргізілген келіссөздер барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 31 Қазан 2008
  • 743
Фото - Caravan.kz

«Тек биылғы жылдың бірінші жартысында тауар айналымы $6,5 млрд болып, өткен жылғымен салыстырғанда 25% өсті. Ал биыл тауар айналымы 15 миллиардқа жетеді. Бұл — үлкен қарқын, жаман емес»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің айтуынша, «екі ел арасында саяси, экономикалық ынтымақтастық үшін ешқандай кедергі жоқ. Өзара сауда-саттық көлемі артып келеді. Қазақстан мен Қытай арасында, біздің көршіміз әрі стратегиялық серіктесіміз арасында, соңғы кездесуде Ху Цзиньтао айтқандай, етене жақын байланыс бар», — деді Н. Назарбаев.

«Мен ұлығаусар шара — XXIX Олимпиада ойындарының куәгері болдым. Алауды бірінші болып біз Қазақстанда қабылдадық. Мен үлкен табыстарыңызбен құттықтаймын және «Шэньчжоу-7″ пилотты ғарыш кемесін табысты ұшыруларыңызбен құттықтаймын, оның барысында Қытай ғарышкері тұрғыш рет ашық ғарышқа шықты», — деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің премьері ретінде Вэнь Цзябаоның Қазақстанға бірінші сапары «қазіргі бар аса жоғары деңгейдегі ынтымақтастыққа тың серпін береді және тараптар экономикалық ынтымақтастықтағы жаңа қадамдар жөнінде мәмілеге келеді» дегенге сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар