«Біз екі ел арасында ауқымды экономикалық ынтымақтастық орнаттық. Халықаралық ұйымдар аясында да аймақтық мәселелерге қатысты өз іс-әрекеттерімізді табысты үйлестіріп келеміз»,- деді министр.
Қ.Тоқаевтың айтуынша, «1,2 млрд. тұрғыны бар Қытай — қарқынды дамып келе жатқан ел екенін және оның экономикасы әлемдік нарықты жетекші орынға ие болғанын естен шығармау абзал». «Сол себепті осынау алып елмен арада өзара тиімді әрі тепе-тең достық қарым-қатынастарды дамытуға балама табу мүмкін емес»,- деді бас дипломат.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті