Қазақстан мен Қытай бірігіп көлік құрастырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай бірігіп көлік құрастырмақ

Қазақстан мен Қытай бірігіп көлік құрастырмақ

Қазақстан мен Қытай бірігіп көлік құрастырмақшы. Жаңа зауыт елімізде салынады деп жоспарланған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аспан асты еліне жұмыс сапары кезінде осындай келісім жасалды.

  • 2 Қыркүйек 2015
  • 472
Фото - Caravan.kz

Президенттің Қытайдың белді корпорация басшыларымен кездесуі бүгін де жалғасты. Қалталы кәсіпкерлер Назарбаевты ортаға алып, алда атқарылатын жұмыстарды дастархан басында талқылады. Ал елімізде салынатын машина құрастыру зауыттары қайда және қашан тұрғызылатыны әзірге белгісіз. Тек, онда құрастырылатын көлікке кәсіпкерлер ұлттық атау беріп, отандық бренд қалыптастыруды көздеп отыр. Жалпы Елбасының Бейжіңге 4 күндік іс-сапары кезінде бірлескен 45 жобаны іске асыру жайын талқылау мақсат етілген. Қазірдің өзінде соның 25-і мақұлданып, жалпы құны 23 миллиард долларды құрайтын келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар