Қазақстан мен Қытай - достас көрші әрі стратегиялық әріптес
ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао 12 маусым мен 14 маусым аралағында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар аясында ҚХР басшысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездесу өткізеді. |
Бұл туралы бүгін Бейжіңде өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚХР сыртқы істер министрінің көмекшісі Чэн Гопин мәлім етті.
Чэн Гопин атап өткендей, соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік жан-жақты, қарқынды және терең дами түсті, оған жоғарғы дегейдегі байланыстар мен саяси өзара іс-қимылдың үнемі тереңдей түсуі дәлел.
Сауда, экономика, энергетика, көлік, қауіпсіздік, ғылым мен техника салаларындағы ынтымақтастық жан-жақты дамуда. Тараптар «зұлымдықтың үш күшімен» күресу ынтымақтастығы туралы келісімді күшіне енгізіп, «Шығыс Түркістан» күштерімен күрес саласындағы жемісті ынтымақтастықты орнатты.
Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселесі, екі жақты іскер ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ өзара мүдде тудыратын басқа да халықаралық және аймақтық мәселелері бойынша пікір алмасу болады.
Тараптар екіжақты ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қояды. Дипломат екі жақтың да бірлескен күш-жігерінің арқасында Ху Цзиньтаоның сапары жоғарғы деңгейдегі байланыстардың жақсы үрдістерін сақтауға, саяси өзара іс-қимылды тереңдетіп, Қытай-Қазақстан стратегиялық әріптестігін жаңа сапалы деңгейге көтеру мүддесін көздейтін іскер ынтымақтастыққа көмектеседі деген сенімін білдірді.
Сондай-ақ 15 маусым күні Астанада Ху Цзиньтао Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін