Қазақстан мен Қытай екі ел арасында газ құбырын тарту жобасына инвестиция салу негіздемелерін дайындау жұмыстарын 2007-жылы аяқтамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай екі ел арасында газ құбырын тарту жобасына инвестиция салу негіздемелерін дайындау жұмыстарын 2007-жылы аяқтамақшы

Қазақстан мен Қытай екі ел арасында газ құбырын тарту жобасына инвестиция салу негіздемелерін дайындау жұмыстарын 2007-жылы аяқтамақшы

АСТАНА. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Қытай екі ел арасында газ құбырын тарту жобасына инвестиция салу негіздемелерін дайындау жұмыстарын 2007-жылы аяқтамақшы. Осы жөніндегі мәмілеге Қазақстан -Қытай ынтымақтастық комитетінің энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің Пекинде өткен екінші отырысы барысында қол қойылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 1 Қыркүйек 2006
  • 461
Фото - Caravan.kz

СІМ ақпаратына сәйкес, кіші комитеттің жұмысына ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Болат Ақшолақов басқарған өкілдер қатысты. Ал Қытай өкілдерін даму және реформалар істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Чжан Гобао басқарды.

Отырыс барысында тараптар энергетика саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Әсіресе Қазақстан-Қытай мұнай құбырының Атасу мен Алашанькоу арасындағы бірінші кезегінің пайдалануға берілу мәселесі баса айтылды. Сондай-ақ, мұнай құбырының Кеңқияқ-Құмкөл арасындағы екінші кезегін салуға қолдау көрсетілмек. Тараптар мұнай мен газды терең өңдеу және мұнайхимиясы өнеркәсібін дамыту саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін бірлесе зерттеуге уағдаласты.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта