Қазақстан мен Қытай халықаралық және аймақтық істерде екі елдің мүддесі бір арнада түйіседі деп мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай халықаралық және аймақтық істерде екі елдің мүддесі бір арнада түйіседі деп мәлімдеді

Қазақстан мен Қытай халықаралық және аймақтық істерде екі елдің мүддесі бір арнада түйіседі деп мәлімдеді

Қазақстан мен Қытай халықаралық және аймақтық істерде екі елдің мүддесі бір арнада түйіседі деп мәлімдеді. Бұл туралы кеше, 17-мамырда екі елдің мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтао қол қойған бірлескен мәлімдемеде айтылған,- деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

  • 18 Мамыр 2004
  • 457
Фото - Caravan.kz

Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, Қазақстан мен Қытай «әлемде БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың жаппай мойындалған нормаларына арқау болған принциптер мен мақсаттар негізінде әділетті әрі демократиялық тәртіп орнығуын қолдайды».

«Тараптар халықаралық дау-дамайлардың бейбіт жолмен шешілуін, халықаралық қатынастар жүйесін жетілдіруді, дүниежүзінде БҰҰ-ның шешуші ролін қамтамасыз етуді, даму модельдерінің сан алуандығына түрткі болуды қолдайды».
Сондай-ақ, Қазақстан жағы бірлескен мәлімдемеде Қытайдың біртұтастығын сақтау саясатын қолдайтындығын тағы бір атап өтті. «ҚХР үкіметі — бүкіл Қытай атынан сөйлей алатын жалғыз заңды билік болып табылады». «Тайвань — Қытай аумағының ажырамас бөлігі». Қазақстан жағы «екі Қытай, немесе, бір Қытай, бір Тайвань құру, «Тайваньнің тәуелсіздігі», Тайваньнің егеменді елдер ғана мүшелікке өтетін халықаралық және аймақтық ұйымдарға бірігуі туралы» кез-келген идеяға қарсылық білдіреді»,- делінген құжатта. Қазақстан жағы сондай-ақ, «Тайваньмен ресми қарым-қатынас, ұзақ мерзімді жеке байланыс орнатуға құлықсыз» деп мәлімдеді.