Қазақстан мен Қытай өкілдері екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай өкілдері екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас мәселесін талқылады

Қазақстан мен Қытай өкілдері екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас мәселесін талқылады

2004-жылғы тамыздың 4-5 жұлдызында Қазақстанның Қытайдағы елшісі Жәнібек Кәрібжанов қысқа мерзімді жұмыс сапарымен ҚХР-ның Шыңжан -Ұйғыр автономиялық аймағында болды. Сапар барысында ол аймақ партия комитетінің хатшысы Ван Люцаймен кездесіп, өзара сауда-экономикалық ынтымақтастық, соның ішінде екі жақты темір жол қарым-қатынасын дамыту, энергетика және инвестиция саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Тамыз 2004
  • 614
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпараты бойынша, Ж.Кәрібжанов Шыңжан -Ұйғыр автономиялық аймағына сапары барысында сондай-ақ, Боратала-Монғол Автономиялық облысы халықтық үкіметінің төрағасы Чжаоцзипу мырзамен Алашанькоу бекетінде жүздесті. Тараптар Достық-Алашанькоу шекаралық авто- және темір жол өткелегінің келешегі туралы пікір алмасты.

Бұған қоса Ж.Кәрібжанов шекаралық Алашанькоу темір жол бекеті мен Шыңжан -Ұйғыр автономиялық аймағының әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында болды.
Бекетке сапары барысында елші екі жақты жүк тасымалында айрықша маңызды орын иемденетін осынау шекаралық айлақтың сан алуан қызметтерінің жұмыс барысымен танысты.

Перейти к новостям спорта