Қазақстан мен Қытай қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Қытай қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің жетекшісі Чжоу Юнкан мен ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбеков қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Мамыр 2005
  • 571
Фото - Caravan.kz

Құжатқа ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрлігі жетекшісінің Қазақстанға сапары аясында қол қойылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР ІІМ мен ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрінің кездесуі барысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыс пен халықаралық лаңкестікке қарсы күрес саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайту, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тәртіп сақшыларын дайындау салаларында өзара тәжірибе мен ақпараттар алмасу туралы талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша келісімге қол қойылды.
З.Тұрысбеков Қытайлық әріптесіне Қазақстандағы қылмыспен күрес жағдайы, Қазақстан полициясын реформалау барысы, есеп-тіркеу қызметін нығайту мәселелері төңірегінде хабарлама жасады. Сонымен бірге полицияның учаске инспекторларының ролін арттыру, құқық пен тәртіпті қамтамасыз ету мен шұғыл басқару орталықтарын дамыту ісіне жұртшылықты жұмылдыру, қылмыскерлерді іздестіру тұрғысында арнаулы бағдарламаларды жүзеге асыру, пәтер тонаушылықпен күрес, мал және ұялы байланыс телефондарын ұрлаумен күрес мәселелері сарапқа салынды.
ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің өкілдері ІІМ-нің шұғыл басқару орталығы, Астана қалалық ІІББ мен ҚР ІІМ-нің басқа да нысандарын аралап көрді.

Перейти к новостям спорта