Қазақстан мен Қытай Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы аясындағы ықпалдастыққа айрықша маңыз береді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы аясындағы ықпалдастыққа айрықша маңыз береді

Қазақстан мен Қытай Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы аясындағы ықпалдастыққа айрықша маңыз береді

8-қарашада ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрінің көмекшісі Ли Хуэйді қабылдады. Ол өзара ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті хатшылығының алғашқы отырысына, аталмыш комитеттің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ішкі комитетінің бас қосуына, сондай-ақ, Қазақстан-Қытай сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялардың екінші раундына қатысу үшін елімізге келген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қараша 2004
  • 618
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында қазақстан-қытай қатынастары бойынша өзара пікір алмасылды. Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалына жоғары баға бере отырып, оны тереңдете түсуге пейіл білдірді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы аясындағы ықпалдастыққа айрықша маңыз берілді. Осыған байланысты Қытай жағы жуырда Алматыда өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдер сыртқы істер министрлері кездесуінің қорытындысын атап өтті.

Өзара ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті хатшылығының отырысы аясында тараптар оның ішкі комитеттерінің мәжілістерін өткізу мерзімдері бойынша пікір алмасты.
Ішкі комитеттің мәжілісінде екі елдің сарапшылары екі елдің құқық қорғау мекемелері арасында лаңкестік, сепаратизм және экстремизммен күрес саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.

Перейти к новостям спорта