Қазақстан мен Қытай транзит газ құбырының қуатын жылына 25 млрд т. м. дейін арттырады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай транзит газ құбырының қуатын жылына 25 млрд т. м. дейін арттырады

Қазақстан мен Қытай транзит газ құбырының қуатын жылына 25 млрд т. м. дейін арттырады

Қазақстан мен Қытай транзит газ құбырының қуатын жылына 25 млрд т.м. дейін арттырады, деп хабарлайды ҚР Мұнай және газ министрлігінің (МГМ) баспасөз қызметі.

  • 16 Маусым 2011
  • 409
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай магистральді газ құбырының бірінші бөлігіндегі өткізгіштік қуатының деңгейін жылына 25 млрд.куб.м. көлемге дейін арттыру туралы келісімге қол қойылды», — делінген МГМ –нің бейсенбі күні таратқан ақпаратында.

Баспасөз қызметі 1-ші учаскенің өткізу қуатын арттыру туралы келісімге қашан және кім қойғанын хабарламаған.

МГМ мәліметтеріне сәйкес, құбырдың бірінші кезегінің бастапқы өткізу қабілеті жылына 4,5 млрд т. м. болған.

«(2011 жылы өткізу қабілетін арттыру — ҚазТАГ) мәселесін Қытай жағы көтерген, біз оларды қолдадық. CNPC бұл жобаны пысықтап жатыр. Биыл үшінші бөлігін (Қазақстан-Қытай газ құбыры — ҚазТАГ) жүзеге асыруға кірісуге тиіспіз, ал бір-бір жарым жылдан кейін … 2013 жылы құрылысты аяқтаймыз. Газ түркменстандық және қазақстандық газ болады», — деген болатын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы Қайыргелді Қабылдин бейсенбі күні «KaspianO&Goffshore 2011» конференциясында.

МГМ-нің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында атап көрсетілгендей, «2020 жылға дейін «Қазақстан-Қытай» газ құбырының қуатын жылына 30 млрд т.м. жеткізу жоспарланған. Кейін учаске жылына 40 млрд т.м. газ тасымалдайды».

Еске сала кетейік, «Қазақстан-Қытай» газ құбырының бірінші учаскесінің 1-ші бөлігі 2009 жылдың соңында пайдалануға берілді, 2-ші бөлігі 2010 жылдың қазан айында тапсырылды.

Қазақстан мен Қытай үкіметтерінің арасында газ құбырының құрылысы және оны пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге 2007 жылдың 18 тамызында қол қойылды. Қазақстан-Қытай газ құбыры Түркменстандағы газ қондырғыларынан табиғи газды Өзбекстан мен Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдайтын Орталық Азия – Қытай газ құбыры жобасының бір бөлігі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар