Қазақстан мен Қытайдың кедендік мекемелері баға туралы ақпараттармен бөлісе бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытайдың кедендік мекемелері баға туралы ақпараттармен бөлісе бастады

Қазақстан мен Қытайдың кедендік мекемелері баға туралы ақпараттармен бөлісе бастады

Қазақстан мен Қытай үшін өзара қызығушылық танытылып отырған тауарлардың бағасы туралы алғашқы 10 түрлі тізімдеме (каталог) еліміздің кеден қызметтеріне табыс етілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Алдағы уақытта кеден қызметтері осындай тізбелермен тоқсан сайын алмасып отырады.

  • 16 Сәуiр 2004
  • 493
Фото - Caravan.kz

Бұл шара екі ел арасындағы сауда-саттықты ретке келтіру мақсатымен жүзеге асырылуда.

Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылар әдетте елге енгізілетін тауардың шынайы бағасын жасырып, азайтып көрсетеді, соған сәйкес, кедендік баж салығының құны да төмендейді деген сөз. Соның салдарынан мемлекеттік бюджет қыруар қаржыдан қағылып отыр. Тауар бағасы туралы ақпарат алмаса бастау нәтижесінде бұдан былай өзара сауда-саттық тәртібі реттеліп, республикалық бюджетке түсетін түсімдер мөлшері арта түспек.

Соңғы жаңалықтар