Мәлімдемеде тараптар «Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Пекиндегі хатшылығының, сондай-ақ, ұйымның лаңкестікке қарсы Ташкенттегі аймақтық құрылымы Атқару комитетінің жұмыс істей бастауы оған мүше елдердің өзара ықпалдастығын күшейтуге және қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, аймақтағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуге түрткі болады» деп мәлімдеді.
Шанхай ынтымақтастығы ұйымын одан әрі дамыту жоспары Қазақстан президенті Н.Назарбаев пен ұйымның бас хатшысы Чжан Дэгуанның кездесуі барысында да талқыланды.