Caravan Logo

Қазақстан мен Қытайдың пайымдауынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы дамудың жаңа кезеңіне көшті

Қазақстан мен Қытайдың пайымдауынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы дамудың жаңа кезеңіне көшті

Мәлімдемеде тараптар "Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Пекиндегі хатшылығының, сондай-ақ, ұйымның лаңкестікке қарсы Ташкенттегі аймақтық құрылымы Атқару комитетінің жұмыс істей бастауы оған мүше елдердің өзара ықпалдастығын күшейтуге және қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, аймақтағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуге түрткі болады" деп мәлімдеді.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымын одан әрі дамыту жоспары Қазақстан президенті Н.Назарбаев пен ұйымның бас хатшысы Чжан Дэгуанның кездесуі барысында да талқыланды.