В.Христенконың пайымдауынша, «екі елдің мемлекет басшыларының саяси күш-жігерінсіз экономиканы алға бастыру мүмкін емес». Соңғы бір жарым жылдағы осындай күш-жігердің арқасында 2003-жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 6,2 млрд. теңгеге өсті. Ал биылғы жылы тағы 42 проценттік өсім күтілуде. В.Христенко екі ел арсындағы алыс-беріс көлемі 3,5-4 млрд. доллар деңгейінде қалады-ау деген қауіп болғанын атап өтті.
РФ экономикалық даму және сауда министрлігі ұйымдастырған бұл көрмеге Ресейдің 25 аймағынан 200-ден астам кәсіпорын қатысуда. Шараның мақсаты — ресейлік ұйымдар мен кәсіпорындардың экспорттық өнімдері мен қызмет түрлерін Қазақстан нарығына шығарып сату, өзара инвестициялық ынтымақтастық пен сауда-экономикалық байланысты нығайту болып табылады. Көрме 30-қыркүйекке дейін жалғасады.