Қазақстан мен Ресей арасында Каспийге тікелей шығатын темір-жол паромды бағыты ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей арасында Каспийге тікелей шығатын темір-жол паромды бағыты ашылды

Қазақстан мен Ресей арасында Каспийге тікелей шығатын темір-жол паромды бағыты ашылды

АҚТАУ. 9 қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Ресей арасында Каспий теңізіне тура шығатын темір жол- паромды бағыттың ашылу салтанаты өтті,-деп хабарлайды Ақтауда өтен баспсөз мәслихатында көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов. Оның айтуынша, Астрахань су көлік торабы, Махачкала (Ресей), Ақтау (Қазақстан) порттары арқылы тікелей халықаралық темір жол - паромды қатынасын ұйымдастыру келісімі және бүгін Қазақстан мен Ресейдің көлік және коммуникация министрлері қол қойған құқықтық құжаттар аясында Ақтау портына тұңғыш теміржол паромы келіп жеткен. Қарашаның 10-ы, жұма күні жүк тиелген паром Махачкала портына аттанады. "Бірінші жүк 52 теміржол вагонына тиелген мұнай өнімдерінен, күнделікті пайдаланатын заттар мен Қазақстан астығынан тұрады,- дейді министр.

  • 10 Қараша 2006
  • 596
Фото - Caravan.kz


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта