Қазақстан мен Ресей арасындағы ғарыш саласындағы ынтымақтастықта ғарыш зерттеу жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама жасауға басымдық берілуге тиіс - Ремишевский - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей арасындағы ғарыш саласындағы ынтымақтастықта ғарыш зерттеу жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама жасауға басымдық берілуге тиіс - Ремишевский

Қазақстан мен Ресей арасындағы ғарыш саласындағы ынтымақтастықта ғарыш зерттеу жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама жасауға басымдық берілуге тиіс - Ремишевский

Қазақстан мен Ресей арасындағы ғарыш саласындағы ынтымақтастықта "ғарыш зерттеу және ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта бірлесе пайдалану жөніндегі мемлекетаралық мақсатты бағдарлама жасау жөніндегі келісімге басымдық берілуге тиіс. Бүгін, 16-қарашада Ресейдің Федералдық "Роскосмос" ғарыштық агенттігі төрағасының орынбасары Виктор Ремишевский "Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен инновацияны дамытуда ғарыштың іс-қызметтің ролі" тақырыбындағы дөңгелек үстелде осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қараша 2005
  • 781
Фото - Caravan.kz

В.Ремишевскийдің айтуынша, Ресей мен Қазақстанның ғылыми эксперименталдық -өнеркәсіптік базасын пайдалану арқылы бірлескен жобаларды жасап жүзеге асыру, өзара ғылыми-техникалық ақпараттар мен сынақ мәліметтерімен алмасу, ғылымның, техника мен технологияның түрлі салалары бойынша конструкторлық жұмыстардың нәтижесімен бөлісу, ғарыштық аппараттар мен аспаптарды бірлесе жобалап өндіру де екі ел арасындағы басымдық берілген ынтымақтастық формасына айнала алады.

«Роскосмос» өкілінің айтуынша, «ғарыштық техникалық бұйымдардың сенімділігі, қауіпсіздігі мен сапалылығын, оларлың өзара үйлесімділігін, сондай-ақ, бірлескен ғарыштық жобаларды нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету үшін ғарыштық іс-қызметті жүзеге асыруда қолданылатын нормативтік құжаттардың нақты тізімін жасау қажет».
Сөз соңында В.Ремишевский қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей арасында бірлескен ғарыштық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар толық жасалғанын атап өтті.

Перейти к новостям спорта