Жарияланды: 490

Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар үдемелі траекториямен дамитын болады - ҚР Елшісінің дәрісі

Ресей мен Қазақстан тең құқықты тәуелсіз мемлекеттер ретінде өзараәрекеттестікті орната алды.

Бұл туралы Ресей халықтар достастығы университетінде студенттермен және оқытушылармен кездескен Қазақстанның РФ-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғалым Оразбақов мәлім етті. Қазақстандық дипломатиялық миссиясы басшысының студенттермен кездесу тәжірибесі Ресей халықтар достастығы университетінен басталғандығы кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні аталмыш жоғары оқу орнында түрлі мемлекеттерден 20 мыңға жуық студент, соның ішінде 430 Қазақстан азаматы білім алады. Дипөкілдіктің басшысы өзінің Қазақстан мен қазақстан-ресей қарым-қатынастарының дамуы туралы дәрісінде тәуелсіздік жылдарында мемлекеттің қол жеткізген негізгі нәтижелері жайлы айтып берді. Аталып өткендей, бұл қорытынды көрсеткіштер емес, және қазіргі уақытта жаңа бағдарламалық стратегиялар қабылдану үстінде. Ғ. Оразбақов еуразиялық кеңістікте интеграциялық үрдістердің дамуына жете тоқталды. «1994 жылы ММУ-де Нұрсұлтан Әбішұлы көтерген идея бүгін өмірге енуде», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін