«Құжатқа сәйкес, Байқоңыр қаласындағы барлық мектептерде сабақ қазақ тілінде жүргізілетін болады»,- деп хабарлайды елшілік.
Елшіліктің түсініктемесіне сәйкес, Байқоңыр ғарыш айлағын Ресей Федерациясы жалға алуға байланысты, Ресей заңнамасына сәйкес, Ресей жағы ақшасын төлеп, ұстап отырған дүниелердің бәрі де ішкі ережеге сай жұмыс істеуге тиіс. Осыған байланысты «Байқоңырдағы ата-аналар мен балалардың мемлекеттік қазақ тілінде білім алу туралы өтінішін қалай қанағаттандыру керек» деген сауал туындады.
Елшіліктің ақпаратына сәйкес, «келісімге қол қоюға дайындық жұмыстарының барысында күрделі келісу іс-шаралары жүргізілген. Бұл мәселе заңгерлер мен сарапшылардың қатысуымен екі жақты бес ішкі комиссия шеңберінде талқыланды».
Бүгін Мәскеуде келісімге Қазақстанның білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова мен Ресейдің білім министрі Андрей Фурсенко қол қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті