Бірлесен кәсіпорынның құрылтайшылары — ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитеті мен «Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» Федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны болып табылады.
«Бәйтеректі» Қазақстан мен Ресей тең үлеспен бөліп пайдаланады деп күтілуде.
Құрылтайшылар жарғылық қорды 50 процент үлеспен тең бөліседі. Жарғылық капитал көлемі 400 мың АҚШ долларын құрайды. Келісім-шартына сәйкес жарғылық капитал теңгемен өтеледі.
Бірлесен кәсіпорынды тіркеуге қатысты бүкіл процедураларды атқаруға уәкілетті тұлға ретінде ғарышкер, Ресей және Қазақстан Республикасының батыры Талғат Мұсабаев тағайындалды. Бірлескен кәсіпорын Қазақстан аумағында тіркеліп, кеңсесі Астанада орын тебеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру туралы үкіметаралық келісімге 2004-жылдың желтоқсан айында қол қойылды.