Қазақстан мен Ресей біртұтас газ фронтын құрмақшы - "GZT.ru" газеті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей біртұтас газ фронтын құрмақшы - "GZT.ru" газеті

Қазақстан мен Ресей біртұтас газ фронтын құрмақшы - "GZT.ru" газеті

Алматы. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда "Газпром" ААҚ-мен бірлесіп Еуропадан газ активтерін сатып алу мүмкіндіктері қарастырылуда, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі "GZT.ru" газетіне сілтеме жасап.

  • 10 Қыркүйек 2008
  • 635
Фото - Caravan.kz

«Біз Еуропалық тұтынушылардың отын нарығына тіке шығу мүмкіндігіне ие болу үшін «Газпроммен» арадағы ынтымақтастықты күшейте түстік», -деп мәлімдеді KazEnergy қауымдастығының төрағасы Тимур Құлбаев Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында.

Басылымның хабарлауынша, «Газпром» бұл ақпаратты растамағанымен, жоққа да шығармады. Ондағылардың түсіндіруінше, «Газпроммен бірлесіп Еуропадан активтер сатып алу — Қазақстанның ниеті ғана, бірақ ол нақты жүзеге аса қойған жоқ».

«Газета GZT.ru» басылымының жорамалына жүгінсек, Қазақстандағы ең ауқатты адамдардың біріне саналатын оның бұл ұсынысы қазір Ресей мен Қазақстанның Ресей арқылы 2009 жылы Украинаға шығарылатын Қазақстан газының баға деңгейі келісіліп жатқанына байланысты болуы мүмкін.

«Орталық Азияның газын жеткізуші өзге елдер Түрікменстан мен Өзбекстан баға жөнінде «Газпроммен» келісіп үлгерді, ал Қазақстанмен арада әлі де түпкілікті уағдаластық жасалған жоқ», -деп жазады басылым.

«Осындай жағдайда Астананың Европадан энергетикалық активтер сатып алу ниеті — өңірдегі басты газ өндіруші елдердің бірінің мәмілеге келуіне жауап ретінде «Газпром» баратын бір шегінім болуы да ықтимал», — деп жазады «Газета GZT.ru».

Баслыымның атап көрсеткеніндей, бұрынғы екі кеңестік республиканың газ саласындағы байланысы бекем: Қазақстан өз газын Ресейге сатып отыр. Қазір «Газпром» арқылы экспортталатын газ көлемі жылына 10 млрд текше метрден кем болса, 2015 жылы республикада 80 млрд текше метрін өндіруді жоспарлауда, оның басым бөлігін Ресей сатып алады.

«Түрікмен және өзбек газы Ресейдің Еуропалық бөлігіне, сосын Украина мен Кавказ елдеріне Қазақстан аумағы арқылы оның газ құбырларымен жеткізіледі. Қазақстанның газ құбырлары желісінің жалпы ұзындығы 9 мың шақырымнан асады, ал олардың өткізгіштік қабілеті — 50 млрд текше метрден асады, оның 42 млрд жуығы Орталық Азия — Орталық газ құбырына тиесілі. Бұл құбыр таяу уақыттарда Каспий құбырына қосу үшін реконструкцияланады», — деп жазады «Газета GZT.ru».

«Сарапшылар аталған мәлімдемені газ жөніндегі ОПЕК-тің құрыла бастауының алғашқы белгісіне балап отыр. Бұл газ өндіруші елдер — Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстанның, мүмкін келе -келе тіпті Алжир, Венесуэла мен Иранның энергетикалық картеліне айналуы мүмкін», -деп жорамалдайды басылым.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар