Жарияланды: 590

Қазақстан мен Ресей біртұтас мемлекет құруды көздеп отырған жоқ - ҚР СІМ

Біртұтас мемлекет құру - Қазақстан мен Ресейдің мүддесіне мүлдем сай келмейді. Бүгін, 23-қаңтарда ҚР парламентінде өтіп жатқан "XXI ғасырдағы Қазақстан-Ресей ықпалдастығы және ғаламдану қатері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйлеген ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

"Екі елдің одақтас бір мемлекет құруды қалайтындығы туралы сөз қозғау мүлдем қисынға келмейді әрі орынсыз, неге десеңіз, мұндай жоспар мүлдем болған емес",- деп атап көрсеткен ҚР СІМ сөзін одан әрі былай деп сабақтады : "осы тектес әрекеттер Қазақстан мүддесіне мүлдем сәйкеспейді, ол Ресейдің мүддесіне де қайшы дегенге сенімім зор". Қ.Тоқаевтың атап көрсетуінше, "Қазақстан тең құқылы негізде өзара ынтымақтастық пен әріптестікті, өзара интеграциялық процесстерді нығайтуды қолдайды". Қазақстандағы Ресей жылының ашылуында сөз сөйлеген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин өз елінің Қазақстанмен арадағы тату көршілік байланыстарды айрықша қадір тұтатынын атап көрсеткен болатын. "Біз үшін Қазақстан - жақын әріптес әрі жақын меймандос мемлекет. Қазақстандықтардың Ресейге деген көзқарасы да дәл осындай екенін біз білеміз",- деді ол. В.Путин осы орайда "алдағы уақытта екі елді де экономика, мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы байланыстарды мемлекетаралық нығайтуға бағытталған ауқымды жұмыстар күтіп тұр" деп мәлімдеді. "Бұл біздің тарих пен екі ел халықтары алдындағы ардақты парызымыз",- деді Ресей президенті. "Қазақстандықтар мен Ресейліктердің бірнеше ұрпағы бірнеше ғасырлар бойы жады мен жаны, өмірі мен қуаныштары ортақ бауырлас, тіпті қандас халықтарға айналғанын біз естен шығаруға тиіс емеспіз",- деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін