Қазақстан мен Ресей бұдан әрі де сыртқы саясат саласында өзара іс-қимылдарды тереңдете беретін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей бұдан әрі де сыртқы саясат саласында өзара іс-қимылдарды тереңдете беретін болады

Қазақстан мен Ресей бұдан әрі де сыртқы саясат саласында өзара іс-қимылдарды тереңдете беретін болады

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресей бұдан әрі де сыртқы саясат саласында өзара іс-қимылдарды тереңдете беретін болады, деп көрсетілген Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев пен Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірлескен мәлімдемесінде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Мамыр 2008
  • 482
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан мен Ресей нагізгі халықаралық проблемалар бойынша сәйкес немесе жақын ұстанымдарды ұстайды және сыртқы саясат саласында өзара іс-қимылдарды екіжақты негізде де, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, сондай-ақ, басқа да халықаралық ұйымдар мен форумдар аясында да тереңдете беретін болады», — деп көрсетілген құжатта.

Екі елдің басшылары қол жеткізілген келісімдер екі мемлекеттің халқына сенімді түрде қызмет ететіндігіне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті