Қазақстан мен Ресей - ЕурАзЭҚ-тың ең белсенді қатысушылары - ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы бюросының жауапты хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей - ЕурАзЭҚ-тың ең белсенді қатысушылары - ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы бюросының жауапты хатшысы

Қазақстан мен Ресей - ЕурАзЭҚ-тың ең белсенді қатысушылары - ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы бюросының жауапты хатшысы

ЕурАзЭҚ аясындағы ең белсенді жұмыстар Ресей мен Қазақстан тарапынан жасалуда. Бүгін, 27-мамырда Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы бюросының жауапты хатшысы Анатолий Марышев осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Мамыр 2004
  • 378
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «қызғылықты озық идеялар, жаңа құқықтық- нормативтік құжаттар, ұсыныстар мен бастамалар дәл осы елдер атынан жасалды». «Тәртіп бойынша, дәл осы мемлекеттер ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының ұсыныстарын тәжірибе жүзінде шұғыл қолданысқа енгізуде»,- деді ол.

Қоғамдастықтың құқықтық қамтамасыздығымен айналысатын ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы 1996-жылы құрылған. Ассамблея ЕурАзЭҚ елдерінде тікелей құзыры жүретін актілерге жататын заңнамалық негіздерді, сондай-ақ, заңнамалық актілер мен басқа да құжаттардың типтік жобаларын жасаумен айналысады.
Парламентаралық Ассамблея құрамына ЕурАзиялық Экономикалық Қоғамдастығына мүше елдер парламенттерінен өкіл ретінде 70 депутат енеді. Атап айтсақ, Ресей Федерациясынан 28, Беларусь пен Қазақстанның әрқайсысынан 14, Қырғызстан мен Тәжікстанның әрқайсысынан 7 депутаттан тағайындалған.

Перейти к новостям спорта