Қазақстан мен Ресей Ішкі істер министрлері Орынборда қылмыспен күрес саласындағы шекаралық ынтымақтастық туралы мәселелерді талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей Ішкі істер министрлері Орынборда қылмыспен күрес саласындағы шекаралық ынтымақтастық туралы мәселелерді талқылады

Қазақстан мен Ресей Ішкі істер министрлері Орынборда қылмыспен күрес саласындағы шекаралық ынтымақтастық туралы мәселелерді талқылады

Бүгін, 19-қарашада Қазақстан және Ресей Ішкі істер министрліктері өкілдерінің кеңесі өтіп, онда екі елдің ішкі істер органдары арасындағы шекаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Қараша 2004
  • 414
Фото - Caravan.kz

Ресейлік тәртіп сақшыларының атынан РФ ІІМ Рашид Нұрғалиев, ІІМ орталық аппаратының жауапты қызметкерлері, сондай-ақ, Қазақстанмен шекаралас 12 облыстың, атап айтсақ, Алтай аймағы, Волгоград, Новосибирск, Самара, Саратов, Тюмень, Челябинск, Астрахань, Қорған, Омбы , Орынбор облыстарының ІІББ мен ІІБ-ның өкілдері, РФ үш транспорттық ІІБ-ның қызметкерлері қатысты.

Құрамында ҚР ІІМ-нің бірқатар департаменттерінің жетекшілері мен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының ІІББ мен ІІБ-ның басшылары, ІІБ-ның көліктегі Батыс және Орталық басқармасының бастықтары бар Қазақстан өкілдерін ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбеков басқарып барды.
Кеңесте трансшекаралық қылмыспен күрес саласындағы екі жақты ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, лаңкестікпен және ұйымдасқан трансұлттық қылмыспен күрес саласындағы ықпалдастық, заңсыз есірткі айналымымен күрес, заңсыз көші-қон құбылысының алдын алу және оған тосқауыл қою мәселелері тәптіштелді.
Тараптар Ресей мен Қазақстанның шекаралық ІІБ-ның адам тонау, адамдарды кепілдікке алу, есірткі саудасы, заңсыз қару айналымы, мал және автокөлік ұрлығына машықтанған халықаралық қылмыстық топтардың әрекетін әшкерелеуге және олардың алдын алуға бағытталған өзара үйлесімді, шұғыл-профилактикалық шараларды жүзеге асыру тәжірибесін одан әрі жалғастырудың маңызын атап өтті.
Кездесу барысында трансұлттық қылмыспен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шешімдер қабылданды.
Осындай кезекті кеңесті 2005-жылы Қостанайда өткізу жоспарланды.

Перейти к новостям спорта