Қазақстан мен Ресей KazSat-3 жасау туралы келісімшартқа қол қойды
Қазақстан мен Ресей Ле Буржеде KazSat-3 жасау туралы келісімшартқа қол қойды, делінген ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің (Қазғарыш) ресми сайтындағы ақпаратта. |
«… Қазақстандық «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ мен ресейлік«Информационные спутниковые системы (ИСС) им. М.Ф. Решетнева»ААҚ KazSat-3 ғарыш аппаратын жасау туралы келісімшартқа қол қойылды», - делінген Қазғарыш сайтында сейсенбі күні жарық көрген ақпаратта.
Ақпаратқа сәйкес, Ле Буржеде 49-шы халықаралық авиациялық-ғарыш салонында ҚР ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев пен Ресейдің Федералды ғарыш агенттігінің басшысы Владимир Поповкин кездесті. Тараптар бірлескен ғарыш қызметіне және ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ, ИСС мен «Thales Alenia Space» компаниясы арасында KazSat-3-тің пайдалы жүктеме элементтерін жасауға қосалқы келісімшартқа қол қойылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін