Қазақстан мен Ресей KazSat-3 жасау туралы келісімшартқа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей KazSat-3 жасау туралы келісімшартқа қол қойды

Қазақстан мен Ресей KazSat-3 жасау туралы келісімшартқа қол қойды

Қазақстан мен Ресей Ле Буржеде KazSat-3 жасау туралы келісімшартқа қол қойды, делінген ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің (Қазғарыш) ресми сайтындағы ақпаратта.

  • 21 Маусым 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz

«… Қазақстандық «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ мен ресейлік«Информационные спутниковые системы (ИСС) им. М.Ф. Решетнева»ААҚ KazSat-3 ғарыш аппаратын жасау туралы келісімшартқа қол қойылды», — делінген Қазғарыш сайтында сейсенбі күні жарық көрген ақпаратта.

Ақпаратқа сәйкес, Ле Буржеде 49-шы халықаралық авиациялық-ғарыш салонында ҚР ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев пен Ресейдің Федералды ғарыш агенттігінің басшысы Владимир Поповкин кездесті. Тараптар бірлескен ғарыш қызметіне және ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ, ИСС мен «Thales Alenia Space» компаниясы арасында KazSat-3-тің пайдалы жүктеме элементтерін жасауға қосалқы келісімшартқа қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар