«17-қарашада Санкт-Петербургтың Таврический сарайында Қазақстан Республикасы парламентінің сенаты мен Ресейдің Федералдық жиынының Федералдық кеңесі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Нұртай Әбіқаев пен Сергей Миронов екі ел парламентінің жоғарғы палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Құжатқа сәйкес, тараптар «Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға түрткі болуға тиіс. Ондағы мақсат — саяси, экономикалық және гуманитарлық саладағы мемлекетаралық қарым-қатынастарды одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ететін келісім-құқықтық базаны дамыту мен үйлестіруге жағдай жасау».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті