Қазақстан мен Ресей парламенттерінің жоғарғы палаталарының спикерлері Оңтүстік Осетиядағы ахуал бойынша пікір алмасты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей парламенттерінің жоғарғы палаталарының спикерлері Оңтүстік Осетиядағы ахуал бойынша пікір алмасты

Қазақстан мен Ресей парламенттерінің жоғарғы палаталарының спикерлері Оңтүстік Осетиядағы ахуал бойынша пікір алмасты

Мәскеу. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - 21 тамызда Қазақстан Республикасының парламенті сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Федералдық жиыны Федералдық кеңесінің төрағасы Сергей Миронов Оңтүстік Осетиядағы ахуал бойынша пікір алмасты. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Тамыз 2008
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Федерация кеңесінің спикері Грузия тарапынан Оңтүстік Осетия халқына қарсы басқыншылық әрекет жасалғанын, көптеген Ресей азаматтары қаза тапқанын атап көрсетті. Оның айтуынша, Грузия жағы Осетин халқына қарсы нағыз геноцид жасаған. Соның салдарынан өңірде гуманитарлық апат шықты», — деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі. С. Миронов Федерация кеңесі президент М. Саакашвили бастаған Грузия басшылығының іс-әрекеттерін тергеу мақсатында халықаралық трибунал құруға бастама көтеретіні жөнінде хабардар етті.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қ. Тоқаев әлі қасірет ауқымы анықталмаған уақытта Оңтүстік Осетиядағы әскери іс-қимылдар басталғаннан 1 күн өткен соң Пекин қаласында Ресей үкіметінің төрағасы Владимир Путинмен кездесу кезінде Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан сөздерін келтірді. Қазақстан басшысы ТМД мемлекеттерінің жетекшілерінің ішінде алғашқы болып орын алған қақтығысқа өз бағасын берді. Бұл Қазақстанның Оңтүстік Осетиядағы оқиғаларға байланысты ұстанымын айқындады. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің биылғы жылдың 19 тамызындағы мәлімдемесінде баяндалған.

Қ. Тоқаев сондай-ақ, Қазақстан президентінің Шолпан атада Қырғызстан президенті, ТМД төрағасы Құрманбек Бакиевпен кездесу кезінде айтқан сөздерін де еске салды. Ол кезде Елбасы қазіргі заманның ең күрделі әрі қиын мәселелері, оның ішінде, сепаратизм мәселелері келіссөздер арқылы, саяси құралдармен шешілуі керек деген болатын.

Қазақстаның парламенті сенатының спикері мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР үкіметі Оңтүстік Осетияға ауқымды гуманитарлық көмек жіберу жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның ұстанымын айқындай келе Қ. Тоқаев Ресей және Франция президенттері Д. Медведев пен Н. Саркози жасап шығарған 6 тармақтан тұратын келісімнің дер кезінде орындалуының маңыздылығын атап көрсетті.

С. Миронов қазақстандық әріптесін Абхазия мен Оңтүстік Осетияның болашақ мәртебесіне қатысты Ресей ұстанымымен таныстырды. Ол бұл мәселе осы аумақтық құрылымдардың азаматтарының өз еріктерін білдіру жолымен шешілуі тиіс екенін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар