Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы әңгімелесті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Н. Назарбаев пен Д. Медведев телефон арқылы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, РФ президенті Д. Медведев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен және Армения президенті Серж Саргсянмен әңгімелесті.

Д. Медведев пен И.Әлиев 2008 жылдың 16 қыркүйегінде Мәскеуде өтетін РФ-Әзербайжан кездесуінің күн тәртібін талқылды.

Армения президентімен сұхбат барысында екі мемлекет басшысы екі жақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Сочи қаласында 2 қыркүйекте жасалған уағдаластықтың орындалуы жайлы талқылады.