«Қазақстан мен Ресей ТМД кеңістігінде көп жоспарлы өңірлік ынтымақтастықты дамыту мақсатымен, оның ішінде, Достастық, сондай-ақ, ЕурАзЭҚ пен ҰҚШҰ әлеуетін жан-жақты әрекет жасату жолымен өзара ықпалдастықты жалғастыра беретін болады», — деп көрсетілген құжатта.
Мәлімдемеде сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей көмірсутегі ресурстарын өндіру және әлемдік нарыққа шығару саласындағы ынтымақтастық, атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы екі жақты өзара іс-қимылдарды дамыту және тереңдету мәселелері бойынша экономикалық тиімділік тұрғысынан шығатыны айтылған.
Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей ғарыш кеңістігін бейбіт игеру саласында екі жақты негізде және халықаралық бағдарламалар аясында бұдан былай да белсенді түрдегі ынтымақтастықты жалғастыруға келісті. Президенттер Байқоңыр ғарыш айлағының әрі қарай тиімді пайдаланудың Қазақстан мен Ресей, өзге елдердің мүддесіне, сондай-ақ, әлемдік ғылымның дамуына жат еместігін растады.
Президенттер екі елдің интеллектуалдық, ғылыми және техникалық әлеуетін рационалды пайдалану мақсатында ортақ ғылыми-технологиялық кеңістікті қалыптастыру, мәдени-гуманитарлық салаларда өзара іс-қимыл болашақ ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болулары тиіс екендігін атап көрсетті.
Қазақстан мен Ресей қорғаныс және әскери-техникалық салалардағы байланыстарды тереңдетуді және жетілдіруді көздеп отыр. Екі мемлекет оларды өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы стратегиялық серіктестіктің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырады.
Қазақстан мен Ресей сонымен қатар, 1992 жылғы Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім негізінде жалпы әскери-стратегиялық кеңістік аясындағы екіжақты сенімді қорғанысты қамтамасыз етуде өзара тығыз ықпалдасатын болады, деп көрсетілген құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті