В.Школьниктің айтуына қарағанда, келіссөздер «өте күрделі» өтіп жатыр. Зауыт құрылысы ақталу үшін Ресей мен Қазақстан шекарасында бір текше метр газдың бағасы 49-54 доллар болатындай жағдай жасау керек.
«Ресей өзінің Батыс Еуропа мен Украинадағы пайдалы рыноктарымен бөлісуі тиіс, бұған жауап ретінде Қазақстан да әжетке жарайтын болады. Келіссөздердің күрделі өтуі осындай себептерге байланысты»,- деді В.Школьник.
Оның пайымдауынша, Ресей үкіметімен арадағы келіссөздердің келешегінен үміт күтуге болады, неге десеңіз, 2010-жылдан кейін Еуропа рыногі «тепе-теңдіктен айрылады». Еуропа мен Ресейде газға деген сұраныс арта түскендіктен, «Қазақстан газына деген сұраныс та өседі». «Қазіргі мақсат — Ресей газ құбырлары жүйесіне шығуға және онымен газ тасымалдауға әділетті баға белгілеуге қол жеткізу болмақ»,- деді энергетика министрі.
Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу құны 1,2 млрд. долларды құрайды. Ол 7-8 жылда ақталуы тиіс.