Қазақстан мен Ресей Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу туралы келіссөздер жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу туралы келіссөздер жүргізуде

Қазақстан мен Ресей Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу туралы келіссөздер жүргізуде

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі Қарашығанақ кенішінде газ өңдеу зауытын салу туралы келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы бүгін, 5-сәуірде парламенттегі "үкіметтік сағатта" сөз сөйлеген ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2004
  • 400
Фото - Caravan.kz

В.Школьниктің айтуына қарағанда, келіссөздер «өте күрделі» өтіп жатыр. Зауыт құрылысы ақталу үшін Ресей мен Қазақстан шекарасында бір текше метр газдың бағасы 49-54 доллар болатындай жағдай жасау керек.

«Ресей өзінің Батыс Еуропа мен Украинадағы пайдалы рыноктарымен бөлісуі тиіс, бұған жауап ретінде Қазақстан да әжетке жарайтын болады. Келіссөздердің күрделі өтуі осындай себептерге байланысты»,- деді В.Школьник.
Оның пайымдауынша, Ресей үкіметімен арадағы келіссөздердің келешегінен үміт күтуге болады, неге десеңіз, 2010-жылдан кейін Еуропа рыногі «тепе-теңдіктен айрылады». Еуропа мен Ресейде газға деген сұраныс арта түскендіктен, «Қазақстан газына деген сұраныс та өседі». «Қазіргі мақсат — Ресей газ құбырлары жүйесіне шығуға және онымен газ тасымалдауға әділетті баға белгілеуге қол жеткізу болмақ»,- деді энергетика министрі.
Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу құны 1,2 млрд. долларды құрайды. Ол 7-8 жылда ақталуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар