Қазақстан мен Ресей қазақстандық ғарышкердің Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегментіне ұшу мерзімін нақтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей қазақстандық ғарышкердің Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегментіне ұшу мерзімін нақтылады

Қазақстан мен Ресей қазақстандық ғарышкердің Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегментіне ұшу мерзімін нақтылады

Астана. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресей қазақстандық ғарышкердің Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегментіне ұшу мерзімін нақтылады. Бұл туралы Астанада 13-14 қарашада өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр" ғарыш кешені жөніндегі кіші комиссиясының 11-отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қараша 2008
  • 572
Фото - Caravan.kz

«Біз Ресей жағымен Қазақстандық ғарышкердің ұшырылуы жөнінде айтарлықтай уағдаластыққа қол жеткіздік, бұл сапар 2009 жылғы күзде нақты жүзеге асырылады. Қазір ұшырылымға дайындық және оны жүзеге асыру жөніндегі келісім-шартының жобасын жасау жөнінде нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді Т. Мұсабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар