Қазақстан мен Ресей SARS індетіне диагноз қою сапасын арттыру үшін бірлескен зерттеулер жүргізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей SARS індетіне диагноз қою сапасын арттыру үшін бірлескен зерттеулер жүргізбек

Қазақстан мен Ресей SARS індетіне диагноз қою сапасын арттыру үшін бірлескен зерттеулер жүргізбек

Ресейлік және Қазақстандық эпидемиолог мамандар SARS індетіне жедел әрі дәлме-дәл диагноз қою үшін бірлескен зертханалық зерттеулерді жүзеге асырмақ ниетте. Бұл туралы бүгін, 11-қыркүйекте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Кууло Кутсар, Республикалық СЭС-тің бас дәрігері Кеңес Оспанов, Новосібір қалалық вирус және биологиялық зерттеулер жөніндегі "Вектор" мемлекеттік орталығының теориялық вирусология және биология жөніндегі зертханасының меңгерушісі Владимир Блиновтың қатысуымен Алматыда өткен қысқаша баспасөз мәслихатында хабарланды.

  • 11 Қыркүйек 2003
  • 544
Фото - Caravan.kz

Республикалық СЭС пен «Вектор» орталығы бірлесіп жүзеге асыратын бұл жоба туралы бастаманы Қазақстан жағы көтерген. Жоба грант қаржысымен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, К.Оспановтың хабарлауынша, Республикалық СЭС қазір Үндістандық ғалымдармен бірлесіп тағы да осындай жобаны жүзеге асыруда. Қазақстандық өкілдер сондай-ақ, алдағы уақытта қатерлі індетпен күрес тәжірибесін зерттеу үшін Қытайға барып қайтпақшы.

Беймәлім өкпе қабынуы дертінің таралуына жол бермеу үшін Қазақстанда жасалып жатқан профилактикалық шараларға тоқталған Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің осы бағыттағы жұмыстарына «әжептәуір сенімді» деген баға берді. Алайда, осы орайда ол қызмет жұмысындағы кемшілік ретінде елімізде SARS инфекциясын зертханалық дәлелдеу мүмкіндігінің жоқтығын атады.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы сарапшысының атап көрсетуінше, SARS індетіне сенімді әрі тиімді бақылау қою үшін үш бірдей алғышарт қажет : клиникалық жолмен анықтау, эпидемиологиялық бақылау және зертханалық диагностика.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 7-тамыздағы жағдаймен дүниежүзінде бейдауа өкпе қабынуы дертіне шалдығу оқиғасы 8422 мәрте тіркеліп, өлім көрсеткіші 11 процентті құрады.

Соңғы жаңалықтар