Мемлекет басшысының хабарлауынша, сондай-ақ, келесі жылдың наурыз айында тағы 30 құжатқа қол қою көзделуде. «Осы 70 заңды қабылдағаннан кейін біз басқаларды да бірігуге шақырамыз»,- деді Н.Назарбаев.
«Бұл — нағыз интеграция. Егер біз төрт ел бірігіп, біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру арқылы басқаларына үлгі көрсете алсақ, онда бұл барлық елдер үшін пайдалы болмақ»,- деді мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті