«Біз бұдан былай да Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын теңдік принципіне негіздей дамытып, ТМД, ЕурАзЭҚ және ШЫҰ аясындағы ортақ күш-жігерді нығайта бермек ниеттеміз»,- деді Ресей президенті.
Ол осы орайда таяуда Астанада өткен келіссөздер барысында «мемлекетаралық және компаниялар деңгейіндегі келісім-шарттардың үлкен топтамасына қол қойылғанын» тағы бір еске салды. «Біз Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстарды барлық салада тереңдете түсуге айрықша маңыз береміз»,- деді В.Путин.
Екі жақты іскерлік ынтымақтастықтың басымдық берілетін бағыттары арасынан В.Путин жылу-энергетика саласы, жаңа технологияларды дамыту, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалануды атады. «Біз шекаралық ынтымақтастық және шекаралық аумақтарды дамыту мәселелерін бірлесіп шеше аламыз»,- дейді Ресей президенті.
В.Путин «Жуырда ғана мәреден шыққан Қазақстандағы Ресей жылы екі бауырлас халық арасындағы сан ғасырлық достық тарихындағы тағы бір жарқын белес болады» дегенге сенім білдірді.