Қазақстан мен Ресейді өзара жақындастырудың бір маңызды факторы екі елдің ұлттық экономикаларын дамыту жолдарындағы ұқсастық болмақ- президент Путин - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресейді өзара жақындастырудың бір маңызды факторы екі елдің ұлттық экономикаларын дамыту жолдарындағы ұқсастық болмақ- президент Путин

Қазақстан мен Ресейді өзара жақындастырудың бір маңызды факторы екі елдің ұлттық экономикаларын дамыту жолдарындағы ұқсастық болмақ- президент Путин

Қазақстан мен Ресейді өзара жақындастырудың бір маңызды факторы - екі елдің ұлттық экономикаларын дамыту жолдарының ұқсастығы, осы тұрғыдағы көзқарас ортақтығы болмақ. Ол Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру тұжырымдамасына негізделген. Бұл туралы 22-қаңтарда Ресей президенті В.Путин Қазақстан Республикасының осы елдегі төтенше және өкілетті елшісі Қырымбек Көшербаевтан сенім хатын қабыл алу барысында мәлімдеді.

  • 23 Қаңтар 2004
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Біз бұдан былай да Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын теңдік принципіне негіздей дамытып, ТМД, ЕурАзЭҚ және ШЫҰ аясындағы ортақ күш-жігерді нығайта бермек ниеттеміз»,- деді Ресей президенті.

Ол осы орайда таяуда Астанада өткен келіссөздер барысында «мемлекетаралық және компаниялар деңгейіндегі келісім-шарттардың үлкен топтамасына қол қойылғанын» тағы бір еске салды. «Біз Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстарды барлық салада тереңдете түсуге айрықша маңыз береміз»,- деді В.Путин.
Екі жақты іскерлік ынтымақтастықтың басымдық берілетін бағыттары арасынан В.Путин жылу-энергетика саласы, жаңа технологияларды дамыту, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалануды атады. «Біз шекаралық ынтымақтастық және шекаралық аумақтарды дамыту мәселелерін бірлесіп шеше аламыз»,- дейді Ресей президенті.
В.Путин «Жуырда ғана мәреден шыққан Қазақстандағы Ресей жылы екі бауырлас халық арасындағы сан ғасырлық достық тарихындағы тағы бір жарқын белес болады» дегенге сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар