«Бөтен мемлекеттің аумағына арнаулы қызметтерді кіргізу үшін тиісті құқықтық база қалыптастыру қажет»,- дейді Б.Мыльников. Оның айтуынша, «қазіргі жағдаймен арнаулы қызметтер арасындағы ықпалдастық мәселесінде ақтаңдақ тұстар көп».
Антитеррорлық орталықтың төрағасының айтуынша, арнаулы қызметтің көршілес мемлекеттің аумағындағы іс-әрекетіне рұқсат беретін Ресей және Қазақстан парламенттері бекіткен арнаулы хаттаманың болғанына қарамастан, «конституция нормаларына қатысты проблемалар бар».