«Атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласында жағымды ілгері жылжушылықтар байқалып отыр. Осы ынтымақтастықтың арқасында екі ел осы дамып келе жатқан нарықта ірі ойыншыларға айналу мүмкіндігіне ие болып отыр», — деді Астанада Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевпен болған бірлескен баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Қазақстан басшысының бағалауынша, Қазақстан мен Ресейдің ғарышты игеру саласындағы ынтымақтастығы жақсы дамып келеді.
«Жаңа ғана осы саладағы (ғарышты игеру) маңызды екі келісімге қол қойылды», — деді Н. Назарбаев.
«Байқоңырда тұрып жатқан қазақстандықтардың өмір сүруін қамтамасыз етуге қатысты келісімдік-құқықтық базаға зор көңіл бөлінді», — деп толықтырды Қазақстан басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті