Қазақстан мен Ресейдің үкіметтік делегациялары екі ел арасындағы шекараны делимитациялау шарасын аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресейдің үкіметтік делегациялары екі ел арасындағы шекараны делимитациялау шарасын аяқтады

Қазақстан мен Ресейдің үкіметтік делегациялары екі ел арасындағы шекараны делимитациялау шарасын аяқтады

Қазақстан мен Ресейдің үкіметтік делегациялары екі ел арасындағы шекараны делимитациялау шарасын аяқтап, Қазақстан Республикасы мен РФ арасындағы мемлекеттік шекара туралы келісімге мемлекет басшылары деңгейінде қол қоюға әзірледі. Бұл туралы бүгін, 17-қаңтарда ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

  • 17 Қаңтар 2005
  • 373
Фото - Caravan.kz

«1999-жылдың тамыз айында қолға алынған осынау ауыр жұмысты қысқа мерзімде аяқтап шығу Қазақстан мен Ресей арасындағы етене жақын ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің, достық пен саяси сенімділіктің жоғары деңгейде екеніне дәлел болмақ»,- делінген хабарламада. Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара сызығы 7,5 мың шақырымды құрайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара сызығы туралы келісімге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгін, 17-қаңтарда басталған Ресейге сапары барысында қол қойылады.

Перейти к новостям спорта