Бұл құжаттар «ұлттық экономикаларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен транзитті тасымалды ұлғайту есебінен тасымал көлемін ұлғайту бағытында мүдде мен старатегияның ортақтығын мойындауға» бағытталған, деді «Ресей темір жолы» ААҚ-ның аға вице-президенті Борис Лапидус. Оның айтуынша, «жүк ағыны мен тасымалданатын өнімдердің сапасына қойылатын талапты күшейту тұрғысынан алғанда » Алматы Орталық Азия аймағындағы ең келешегі бар жер боп саналады.
Форумға жолдың ені 1520 мм болып келетін темір жол желісін дамытудан, инфрақұрылымды техникамен қайта жабдықтаудан, өнеркәсіпке логистикалық қызмет көрсету сапасының қазіргі заманғы әлемдік стандарттарын қолданысқа енгізуден мүдделі жақтардан 300-дей өкіл қатысуда. Олардың арасында темір жол компанияларының жетекшілері, темір жол бизнесіндегі ең ірі инвесторлар, темір жол техникасы мен қызметі түрлерін сатушылар, жүк иемденуші компаниялардың өкілдері, банкирлер мен кәсіпкерлер бар.
Бас қосу барысында іскерлік келіссөздерден бастап бейресми кездесулерге дейін 20-дай түрлі шара өткізіледі деп межеленген.
«Бұл форумды біз бірінші аймақтық форум деп санаймыз. Ол тұрақты өткізіліп тұратын болады. Келесі бас қосу батыс өңірлердің бірінде өтеді деп ойлаймыз»,- деді Б.Лапидус.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті