Қазақстан мен шетелдік ғалымдар жаһандық кеңістіктің ұлғаюын зерттеумен айналысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен шетелдік ғалымдар жаһандық кеңістіктің ұлғаюын зерттеумен айналысуда

Қазақстан мен шетелдік ғалымдар жаһандық кеңістіктің ұлғаюын зерттеумен айналысуда

Қазақстан ғалымдары шетелдік әріптестерімен бірге жаһандық кеңістіктің ұлғаюын зерттеумен айналысуда.

  • 19 Қараша 2012
  • 382
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында бүгін Астанадағы «Астрофизика, гравитация және космология» атты халықаралық конференцияда Теоретикалық физиканың еуразиялық халықаралық орталығы директорының орынбасары Қобыланды Ержанов мәлім етті.

Оның айтуынша, 1998 жылы ғалымдар жаһанның жылдам қарқынмен ұлғайып келе жатқанын анықтаған.

«Біздің жұмысымыздың басым бөлігі жаһандық кеңістіктің ұлғаюын бақылауға арналған. Бұл өте өзекті тақырып. Осы салада биылғы жылы 40-қа жуық мақаланы ғылыми журналдарда жарияладық»,-деді ол.

Қ. Ержановтың сөзіне қарағанда, аталған бағыттағы зерттеулер АҚШ, Испания, Ұлыбритания, Италия, Жапония секілді елдердің белгілі ғалымдарымен бірге және жеке жүргізілуде.

«Біз жаһандық кеңістікті зерттеу арқылы болашақта не болатыны, ол қалай пайда болды, қалай дамып, оның бастауы қайда жатқандығы, сондай-ақ құрылымы мен эволюцияны қандай теориялар басқарып отырғандығын түсінуге тырысудамыз»,-дейді Ғарыштық зерттеулер институтының (Испания) профессоры Сергей Одинцов.

Аталған халықаралық конференция алғаш рет ұйымдастырылып отыр. алқалы жиында 10 елден келген ғалымдар өз зерттеулерін ортаға салып, талқылауда.

Соңғы жаңалықтар