Қазақстан мен Сингапур сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құру туралы келіссөздер жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Сингапур сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құру туралы келіссөздер жүргізуде

Қазақстан мен Сингапур сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құру туралы келіссөздер жүргізуде

Сингапур елінде жұмыс сапарымен жүрген ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев осы елдің премьер-министрінің орынбасарымен, сондай-ақ, сауда және индустрия министрімен кездесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Желтоқсан 2004
  • 904
Фото - Caravan.kz

Қ.Тоқаевтың Сингапур сауда және индустрия министрі Лим Хен Кианмен кездесуінде тараптар сауда-экономика саласындағы қолда бар әлеуетті жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасаудың маңызын атап өтті. Сұхбаттасушылар бұл орайда сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Сингапур үкіметаралық комиссиясын құру ісіне айрықша сенім жүктеді. Қазір бұл бағыттағы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруда айрықша маңызды екі бірдей үкіметаралық құжаттар бойынша келіссөздердің аяқталуы да өзіндік септігін тигізбек. Атап айтсақ, өзара инвестицияны қорғау және инвестицияны ынталандыру туралы келісім мен кіріс салығын төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салықты болдырмау туралы келісімдерге қол жеткізілді.

2004-жылы Қазақстанда Сингапурдың «Джуронг Консалтэнтс», «Кеппел Офшор энд Марин» және «Сингапур Эйрлайнз Карго» сынды ірі компаниялары жұмысқа кірісті. 16-қарашада Астанада «Қазақстан Инжиниринг» ҰК мен «Сингапур Текнолоджиз Инжиниринг» компанияларының тобы арасында Қазақстан мен Сингапурдың бірлескен «Каз-СТ Инжиниринг Бастау» кәсіпорнын құру туралы мәмілеге қол қойылуы маңызды оқиғалардың бірі болды. Сингапурлың кәсіпкерлердің елімізге екі бірдей сауда миссиясы ұйымдастырылды.
Қ.Тоқаевтың Сингапур үкіметінде сыртқы саясат мәселелерін жауаптанатын үкімет басшысының орынбасары Ш.Джаякумармен кездесуі барысында тараптар ғаламдық және аймақтық саясаттағы айрықша өзекті проблемалар бойынша Қазақстан мен Сингапурдың ұстанымдарының өзара ұқсастығын атап өтті. Тараптардың пікірінше, бұл жағдай екі елге БҰҰ мен басқа да халықаралық құрылымдарда табысты ынтымақтастық құруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Қ.Тоқаев Сингапур мемлекетінің Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңеске бақылаушы ретінде бірігуін жоғары бағалады. Ш.Джаякумар өз кезегінде екі жақты ынтымақтастыққа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-жылғы қараша айында Сингапурға жасаған сапары біршама тың серпін бергенін атап өтті.
Қазақстан сыртқы істер министрі түрлі салалардағы екі жақты байланысты одан әрі тереңдетуге Сингапур үкіметінің бірқатар мүшелерінің Қазақстанға сапары түрткі болады дегенге сенім білдірді. Бұл сапарлардың мерзімі дипломатиялық арналар бойынша келісіліп жатыр.
Сапар барысында Қ.Тоқаев Сингапурдағы «Стрейтс Таймз» және «Тудэй» сынды жетекші басылымдарға сұхбат берді.

Перейти к новостям спорта