Бангкок губернаторының айтуынша, ол Астанаға Қазақстан жағының шақыруымен мұнай бизнесі, құс шаруашылығы және туризм саласында қызмет ететін Таиланд кәсіпкерлерінің ауқымды тобын ілестіре келген.
Самак Сундураведж мырза таяу уақыттарда «екі ел арасындағы туристік бизнес аясы кеңейе түседі» дегенге сенім білдірді. Оның пайымдауынша, «екі жақты барыс-келіс бір жақтылықтан арылып, қазақстандықтар ғана Таиландыға бара бермей, Таиланд тұрғындары да Қазақстанға келетін болады». «Қазақстанға біз 6-8 сағат қана ұшып жетіп, шаңғы тебетін боламыз»,- деді ол.