Қазақстан мен Татарстан бүгін мұрағат істері саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Татарстан бүгін мұрағат істері саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан мен Татарстан бүгін мұрағат істері саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астана. 6-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Татарстан бүгін, ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттік мұрағат қызметтері басшыларының Консультативті кеңесінің отырысы аясында мұрағат істері саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Ермек Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 6 Қараша 2007
  • 870
Фото - Caravan.kz

«Біз бүгін Татарстанмен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоямыз, біздің халықтарымыздың тарихында көптеген ортақтық бар, біздің зиялыларымыз ХХ ғасырдың басында дәл осы Қазанның жоғарғы оқу орындарында оқи бастаған және олардың іс-қызметі туралы, олардың шығырмашылықтары туралы құжаттардың сақталғандығы сөзсіз», деді Е. Жүсіпов.

«Біздің республикамыздың аумағында тұрған және тұратын татарлардың тарихы жөніндегі көптеген құжаттар біздің мұрағаттарымызда да бар, біздің тамырлас халықтармыз және осы келісім біз үшін өзара тиімді мүддеден туындап отыр», деп қосты ол.

Мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы, аталмыш келісім «мұрағаттық ақпараттарды қарқынды алмасуды, оған қол жеткізуді, осы ақпараттармен қамтамасыз етуде қызмет көрсетуді» қарастыратынын нақтылады. «Біз үстіміздегі жылы Монголиямен, Өзбекстанмен осы тектес шарт жасасып, Иранмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық»,- деп еске сала кетті ол.

Оның айтуынша, қазақстандық мұрағатшылар осы сияқты келісімдердің механизмін пайдалана отырып, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында құжаттар іздеп, бірқатар шетелдік мұрағаттарда, 13-тен астам басқа елдердің ғылыми мекемелерінде болып қайтқан».

«Мұрағат істерінің практикасында мұндай шаралар алғаш рет жасалуда, бұл мемлекеттің Қазақстанның тарихына қатысты құжаттарды өзімізге қайтару жөніндегі жүргізіп жатқан іс-шарасының арқасында болып отыр. Яғни, біз Қазақстанға қатысты ақпараттардың барлығының көшірмелерін алып, біздің зерттеушілерімізге, ғалымдарымызға, студенттерімізге ұсынамыз»,- деп қорытындылады Е. Жүсіпов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті